«Бір мәйітті өртеу үшін 240 мың теңге төлеу керек»: Алматыдағы крематорийі ақыры ашылды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Ондағы пеш Чехиядан импортталған

Фото: скриншот

Бүгін Алматыда Қазақстандағы тұңғыш крематорий ашылды. Енді тірі кезінде мәйітін өртеуге келісім бергендердің денесі осы жерде өртенеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін крематорий әкімшілігі журналистерді шақырып, пресс-тур өткізген.

Жалпы, дереккөзге сүйенсек, крематорий залында екі пеш бар. Оны әкімшілік Чехиядан әкелген. Пеш 35 сағат бойы 800-1000 градус ысыған кезде, мәйіт өртенеді.

Бір мәйітті өртеудің құны – 240 мың теңге.