Полиция тексеріс жұмысын бастады
Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында белгісіз нысанның сынықтары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті тұрғындар таңғы сағат 08:30 шамасында ауыр зат құлағанын естіген. Көп ұзамай ауыл маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар анықталған.
Ақтөбе облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша уәкілетті қызметтермен бірлесіп, тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын растады. Нысан елді мекеннен тыс жерге құлағандықтан, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ;
Мамандар нысанның қайдан келгенін және нақты қандай аппарат екенін анықтап жатыр.