Қалада карантин кезінде жұмыс істеп тұрған кафелер анықталды
Шымкентте карантин уақытында жұмыс істеп тұрған мейрамхана мен кафелердің иелері жауапқа тартылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
17 шілде күні «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы Шымкент қаласындағы «Royal Rouse» салтанат сарайында той болып жатқаны көрсетілген.
«Интернет желісіне салынған жазба бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау аудандық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторлары, Шымкент қаласы Қаратау аудандық әкімшілігінің қызметкерлері және Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінен құралған мобильді топ шығып, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында аталған мейрамхананың артқы бөлігінде ашық алаңда орналасқан «Elita Garden» кафесінің тұтынушылары тамақтанып кеткені анықталды. Оқиға бойынша, аталған мейрамхананың иесінен түсініктеме алынып, АКТ түзілді. ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 2-бөлімін басшылыққа ала отырып, заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады», - делінген хабарламада.