Жол апаты бүгін таңертең болған
Теміртау қаласында жолаушылар автобусы жол бойындағы бағанға соғылып, бірнеше адам зардап шекті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Жол апатының видеолары жергілікті пабликтерге таралып, резонанс алды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апатының нешеде болғанын хабарлады.
«Жол апаты 23 сәуір күні таңғы сағат 08:40-та Абай, Металлург және Республика даңғылдарының қиылысында болған. 45 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, бағдаршамның темір бағанына соғылды. Апат кезінде автобус ішінде 20 жолаушы отырған. Төрт адам ауруханаға түсті», - деп хабарлайды полиция.
Қазір полиция жан-жақты тергеу бастаған.