«Көліктерінде ақау көп»: Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы атвомектептерді жаппай тексеріп жатыр

Автор: Бақыт Шынар

Ел бойынша қазір адамдарға көлік жүргізуді үйрететін 727 мектеп жұмыс істейді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда жұмыс істейтін 727 автомектепке жаппай тексеру жүргізіп, бірқатар заң бұзу фактілерін анықтаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру кезінде полиция осы мектептердің автодромдары дұрыс жабдықталмағанын, жол таңбалары мен жарықтары аз екенін анықтаған.

«Оның үстіне, автомектептердің көліктерінде ақаулар болған. Осы кемшіліктерді жою үшін 20 ұйғарым жаздық. Сондай-ақ, көліктерінде техникалық тексеруі мен сақтандыру полисі жоқ көлік қолданған 59 автомектеп анықталды. Осы автомектептерде білім алып жүрген 701 топтың қызметі тоқтады», - деп хабарлайды ІІМ.

Баса айта кетерлігі, қазір министрлік автомектептердің жұмысын бір жүйеге келтіру үшін «Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер әзірлеге. Қазір заң Мәжіліс қарауында жатыр.