Мән-жайлар анықталып жатыр
Видеоны таратқан адам кәмелет жасқа толмаған бала болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтауда жеке бейнематериалды заңсыз тарату дерегі тоқтатылды.
«Полицияға жергілікті блогерлер жүгініп, WhatsApp мессенджері арқылы жеке пайдалануға арналған бейнематериалдарының таралғанын хабарлаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 147-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – қала тұрғыны, кәмелетке толмаған», - делінген хабарламада.
Қалған мән-жайлар анықталып жатыр. Полиция жеке және құпия материалдарды келісімсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.