Оның директордың ұлы екені белгілі болды
Маңғыстау облысы Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасында болған даулы оқиғаға байланысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Lada-ға сілтеме жасап.
Полиция әлеуметтік желіде тараған видеожазбаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізді.
Анықталғандай, 6 жасар бала аталған балабақшаның тәрбиеленушісі емес. Ол анасының жұмыс орнында болған. Орын алған жағдайға байланысты баланың анасына қатысты тәрбиелеу міндеттерін орындамау дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Зардап шеккендер жоқ.
Сонымен қатар, полиция аталған мекеменің қызметін тексеру үшін құзырлы органдарға ұсыныс жолдады.
Бұған дейін, «Жауқазын» балабақшасында 6 жасар бала кеңсе пышағымен тәрбиеленушілерді қорқытып, ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған еді. Оның мекеме басшының баласы екенін айтылған.