Шымкенттің саудагерлері «Coca-Cola» сусынын қолдан жасап, оны базарда тоннасымен сатқан – енді олар сотталады

Автор: Бақыт Шынар

«The Coca-Cola Company» компаниясының өкілдері ресми арыз жазған 

Фото: Әділет министрлігі

Шымкенттегі Әділет департаменті «Coca-Cola» компаниясының ресми өкілі арыз жазған соң, базарларды аралаған: тексеру кезінде базардан қолдан жасалған «Coca-Cola»-ның ірі партиясын тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Айтып өткеніміздей, «The Coca-Cola Company» компаниясының өкілдері Әділет департаментіне ресми өтініш жазған. Компания Шымкенттің базарларында сатылып жатқан талай өнімді өзі шығармағанын білген.

«Қала базарларын жоспардан тыс тексерген Әділет департаменті қолдан жасалған сусынның ірі партиясын тапқан. Саудагерлер сусынды қолдан жасап, жасанды белгіл қойған», - деп хабарлайды департамент.

​Анықталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы (Бөтеннің тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, тауар шығарылған жердің атауын немесе біртекті тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін соларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қазір шымкенттіктердің ісі сотқа жолданған.