15.04.2026, 13:15
Оқиғалар
Семейда курстасына буллинг жасаған колледж студенті үшін анасы жазаланды
Бала екі апта бойы қатарласын қорлаған
Фото: iStockphoto
Семей сотында бұзақылық жасаған баласы үшін анасы жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Колледждің 1-курс студенті екі аптадан астам уақыт бойы жатақханада және оқу орнында өзінің курстасына қысым көрсеткен. Ол курстасын тұншықтырып, камераға түсіріп алған. Аталған видеоны балағат сөздермен бірге студенттердің ортақ чатында таратқан. Оқу аудиториясында да жасөпірімге қыр көрсеткен.
Сот жасөспірімнің әрекеттерінде «кәмелетке толмағанға қатысты буллинг» (ӘҚБтК-нің 127-2-бабы, 3-бөлігі) белгілері бар деген қорытындыға келді. Сотта агрессияның жүйелі түрде орын алғаны ескерілді. Құқық бұзушының анасына 43 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады
29.08.2026, 21:19
Сағызға қақалып қалған: Алматыда майор қызды құтқарып қалды (ВИДЕО)