15.04.2026, 10:10
Оқиғалар
Маңғыстау облысында қыз алып қашқан 5 жігіттің әрқайсысы үш жылға сотталып кетті
Олардың ісі «Адам ұрлау» бабымен қаралған
Фото: скрин
Жаңаөзен қаласында қыз алып қашқан бес адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
КТК арнасы мәлім еткендей, оларға «Адам ұрлау» және «Некеге тұруға мәжбүрлеу» баптары бойынша айып тағылған.
Дереккөзге сүйенсек, олар қызды былтыр желтоқсанында алып қашқан. Адам ұрлау сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада бірнеше адамның бойжеткенді күштеп көлікке отырғызып жатқаны көрінеді. Қыз қарсылық көрсеткенімен, ер адамдарға шамасы жетпеген.
Полиция қылмысқа қатысы барлардың бәрін тез арада анықтап, ұстаған. Сот олардың әрқайсысына үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады