11 шілдеде Қордың бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшылығына қатысты жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
Еске сала кетейік, 13 шілдеде Жемқорлыққа қарсы агенттік «СҚ-Фармация» мен Медициналық сақтандыру қорын тексеруді бастады.