«Әкесі қанжоса баласын көтеріп жүр»: Ботақарада үш жасар баланың басына Мәдениет үйінің кірпіші құлап кеткен (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қазір оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: ЖИ © freepik.com / Mition Julia

Қарағанды облысы Ботақара кентінде үш жасар бүлдіршіннің басына Мәдениет үйінің қабырғасындағы кірпіш құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желідегі видеоға қарасақ, әкесі басы қанжоса баласын көтеріп, ауруханаға өзі әкелген. Бүлдіршіннің жарақаты өте ауыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желідегі осы видеоға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Іс Қылмыстық кодекс аясында тергеледі.

«Жараланған бала қазір ауруханаға. Оған дәрігерлер ота жасап жатыр. Оқиға орнына тергеу тобы жетіп, айналаны тексеріп жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.