Олардың арасында бір жасөспірім бар
Облыс орталығындағы Урожайная көшесінде орналасқан үйлердің бірінде шыққан өрт сөндірілді. Петропавл қаласындағы төрт пәтерлі тұрғын үйдің дәлізі өртенген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында ғимарат ішінен 7 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында бір жасөспірім бар.
«ТЖМ қызметкерлері өртті тез арада оқшаулап, толығымен сөндірді. Бұл тілсіз жаудың көрші пәтерлерге жайылып, ауыр зардаптарға соқтыруына жол бермеді», — деп хабарлады мекеме өкілдері.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.