«Сау тамтығы қалмаған»: Жетісу облысында ер адам кішкентай балалалары бар әйелді күрекпен ұрған

Автор: Темірхан Айжан

Күдікті тергеліп жатыр 

Фото: скрин

Ақсу ауданы Суықсай ауылында ер адам көрші әйелді күрекпен аяусыз ұрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, 49 жастағы ауыл тұрғыны кәмелетке толмаған балаларды балағаттағаны үшін өзіне ескерту жасаған әйелге күрекпен тап берген. Ауыр соққылардан әйелдің денесінің сау тамтығы қалмаған. Балалардың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген көршілер дер кезінде жетіп, араша түскен.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Қазір денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді ПД баспасөз қызметінен.