Қазақстан елдегі шетелдіктерге ЖСН беру рәсімін уақытша тоқтатты

Автор: Бақыт Шынар

Өйткені, тиісті мемлекеттік органның базасында ақау пайда болған

Фото: gov4c.kz

Қазақстанға келген шетелдіктер уақытша жеке сәйкестендіру нөмірін ала алмайды, деп хабарлайды 

«Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі бұның себебін түсіндірді. Дереккөзге сүйенсек, уәкілетті органның базасында техникалық ақау пайда болған.

«Бүгін, 2026 жылдың 9 сәуірінде уәкілетті мемлекеттік органның сайтында техникалық ақау пайда болды. Осыған байланысты, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Көші-қон орталығы Қазақстанға уақытша келген шетелдік азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірін беретін қызметті уақытша тоқтатты», - деп хабарлайды мекеме.

Техникалық ақау жойылғанша Қазақстанға уақытша тұруға келген азаматтар да құжаттарын рәсімдей алмайды. Тиісті функция  13 сәуір күні жұмыс істей бастайды деген болжам бар.