Абай облысында атқа мінген полицей иен даладан 3 жасар баланы тауып алған (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Бала таңертең есік алдында ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен

Фото: скриншот

Бүгін Абай облысы Ақсуат ауданында үш бала жоғалып кеткен. Есік алдында ойнап жүрген бала ата-анасы мен туыстарына байқатпай, ауыл ішіне, одан әрі жазыққа кетіп, адасып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, арыз түсе сала, полицияның бүкіл құрамы аяғынан тік тұра, баланы іздеуге шыққан.

«8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осы сәттен бастап барлық күштер дереу жұмылдырылды. Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

Полиция департаментінің аттағы қызметкері иен даладан баланы көріп, бірден сол жаққа бет алған.

«Аттағы полиция оқиға орнына жетіп, баланы аман-есен тауып алды», - деп хабарлайды полиция департаменті.