Атырау қаласының түбінде болған жол апатынан 4 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Көлік салонында болған екі жолаушы оқиға орнында мерт болған

Фото: ашық дереккөзден

16 шілде сағат 00:30 шамасында Орал тасжолының Атырау қаласына кіреберісінде Toyota Camry көлігінің (24 жаста – ред.) жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылды. Оқиға салдарынан екі жолаушы сол жерде мерт болып, көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы облыстық ауруханада көз жұмды. Бұл туралы «Ақ Жайық» сайты хабарлады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («Екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.