Атырау облысында қайықпен аударылған ер адам іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 15 шілдеде болған

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында қайық аударылып, 41 жастағы ер адам суға батып кетті. Бұл туралы Атырау облысы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады. Оқиға 15 шілде күні сағат 21:56-да Құрманғазы ауданында болған.

«Бірлік ауылдық округіндегі Ягодкин учаскесі тұсындағы Қиғаш өзенін кесіп өтпек болған 1979 жылы туған азамат қайықпен аударылған. Бүгін сағат 06:30-да суға батқан адамды іздеу басталды. Іздестіру жұмысына жедел құтқару жасағының 4 қызметкері, 1 техника мен 1 жүзу құралы тартылды», - делінген ақпаратта.