Бүгін түнде де жер сілкінген еді
Жетісу облысы Жаркент қаласы мен оған іргелес елді мекендерде жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жер сілкінісінің бұл жолғы қуаты 2 балл болған.
«Сейсмикалық станциялар бүгін, 31 наурыз күні сағат 13-23-те жер сілкінісі тіркелді. Оның эпиорталығы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 267 км жерде Қазақстан аумағында болды. Жер дүмпуінің тереңдігі 10 шақырым жерде болған», - деп хабарлайды ТЖМ.
Жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы мен Жаркент қаласында 2 балл күшінде сезінген.