Олардың үйін тінткен полиция аса ірі мөлшерде ақша тапқан
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында «жұмыс істеген» аса қауіпті қылмыстық топтың 20 мүшесін ұстап, оларды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Топтың беделді бір мүшесі Қазақстан спортындағы беделін пайдаланған.
«Ол спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттердің арқасында 20 адам ұсталды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Олардың қылмысынан болған залалды анықтау үшін полиция 47 рет тінту өткізіп, ақша, қару-жарақ пен өзге де дәлелдер тапқан.