Жетісу облысында жер сілкінді – дүмпудің күші 4,4 баллға жеткен

Автор: Бақыт Шынар

Жер сілкінісін төтенше жағдайлар бүгін түнде тіркеген

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін, 31 наурыз күні түнде Жетісу облысында қуаты 4,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық ядро орталығының Географиялық зерттеулер институты тіркегендей, жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 00:42-де тіркелген.

Дүмпудің эпиорталығы Жаркент қаласының солтүстік-батысына қарай 33 шаөырым жерде болған.

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі қирандылар мен зардап шеккендердің жоқ екенін хабарлады.