Қызылқоға ауданында дала өрті азаяр емес
Қызылқоға ауданында дала өртінің төртінші оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz. 14 шілдеде сағат 13:50-де Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 60 шақырым жерде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде жалпы ауданы 5 мың гектар Ойтан, Лұқпан, Қазанқап, Теміршағыл, Айыртау учаскелері жанып жатқаны анықталды.
«Атырау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан жеті адам мен бір бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 29 адам мен 11 бірлік техника күшімен 01:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.