Ер адам үстіне жанармай құйып, өртейтінін айтқан: Қарағандыда оқыс оқиға болды

Автор: Темірхан Айжан

Оны полиция тоқтатты

Фото: скрин

Бүгін, 26 наурыз күні Қарағандыдағы «Горняк» базары маңында 33 жастағы қала тұрғыны үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртейтінін айтып қорқытқан. Оқиғаға базар әкімшілігімен болған дау себеп болған. Ер адамға өзіне тиесілі сауда контейнерлерін алып кетуге рұқсат берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына шұғыл түрде барлық жедел қызметтер жеткен. Қарағанды облыстық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді.

«Полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің және жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды. Ер адам райынан қайтты. Қазіргі уақытта ол әкімдік ғимаратында, онымен жұмыс жалғасуда», - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.