Қазақстан қатерлі ісіктің емін іздеп, Түркияға барған ер адам мен бір баланы шұғыл елге әкелді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Екеуі де ауыр хәлде жатыр

Фото: скриншот

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 60 жастағы ер адам мен 6 жасар баланы санитарлы авиацияның көмегімен Түркиядан елге әкелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігі екі науқасты да бір рейспен әкелген. Науқастарды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық ұшағы тасымалдаған.

«Біреуі – 1966 жылы туған, өкпесінде қатерлі ісігі бар. Тыныс алуы қиын. Алания қаласында жатқан. Екінші науқас - 2019 жылы туған бала, миының қатерлі ісігі бар, Ол Стамбул қаласында жатқан, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік екі науқастың да жағдайы ауыр екенін айтып отыр. Дегенме, оларды елге аман-есен жеткізу үшін Баймышев Дәурен, Исмағұлова Райхан, сондай-ақ фельдшерлер Тоқтыбаев Асылбек пен Құндақбаев Ерулан және әуе кемесінің экипажы тер төккен.