Дронның қалдығы Қарауылтөбе ауылының маңынан табылған
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Қарауылтөбе ауылының маңынан әскери дронның қалдығы табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті басылымдарға сілтеме жасай отырып.
Бұл мәліметті Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті де растаған. Сурет пен қолда бар деректерге сүйенсек, аппарат «ұшқыссыз ұшатын ұшақтың» қалдығына ұқсайды.
«Ол елді мекеннің шетіне құлаған. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлайды БҚО полиция департаменті.
Жергілікті тұрғындар болса әскери дронның қалдыңы Қарауылтөбе ауылының түбіне құлағанын жазып, суретін жүктеген.