Қырғызстандағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы екі қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр
Оны ел президенті бір айдан аса уақыт бұрын қызметінен босатқан
Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиев Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметінде жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттіні 24 kg сайтына сілтеме жасап.
Қамшыбек Ташиев екі қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде тергеуге шақырылған. Ол адвокатымен бірге келген.
Бұған дейін, 10 ақпанда президент Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары - Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы лауазымынан босату туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол уақытта Ташиев Германияда емделіп жатқан еді.
13 ақпанда Ташиев Қырғызстанға келіп, емін аяқтамай оралуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Арада төрт күн өткен соң ол елден қайта кетіп қалды.
Басқа жайттар әзірге жарияланған жоқ. Осы хабар шыққан сәтке дейін құқық қорғау органдары тарапынан ресми түсініктеме берілмеді.