Оның ісі сотта қаралып, ер адам сотталды
Қостанай қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адамды бес жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Іс материалдарына енсек, оқиға 2025 жылдың тамызында болған. Полиция оқиғадан кейін ер адамның үстінен Қылмыстық кодекстің 106 бабы 1 тармағы бойынша іс қозғаған.
«2025 жылдың тамызында Қостанай маңындағы саяжайлардың бірінде ер адам мен әйелдің арасында жанжал туындаған. Ер адам әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. әйелдің денесінің 30-35% күйік шалып, ауруханаға түскен. Бұл – адам денсаулығына ауыр зиян тигізу деп саналады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Істегі мемлекеттік қызметші сотталып отырған ер адамды алты жылға соттауды сұраған. Күдіктінің өзі болса кінәсін мойындап, соттан жеңіл жаза сұраған.
Сот ер адамның баласы бар екенін ескере отырып, оны бес жылға соттады. Сондай-ақ ол күйік шалған әйелге моральдық шығын өтеп береді.