«Досымның туған күні еді»: Шымкентте көлігінен отшашу атқан жігітті полиция қамап тастады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оған айыппұл салынды

Фото: скриншот

Шымкент полициясы желіде таралған видеолардың негізінде жүріп бара жатқан көліктен отшашу атқан жігітті анықтап, оны әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отырар» сайтының жазуынша, жас жігіт түн ішінде жүріп бара жатқан көліктің артқы терезесінен басын шығарып, бір емес, бірнеше рет отшашу атқан. Оның видеосы көшедегі бейнебақылау камераларына түскен соң полиция азаматтың жеке басын анықтады.

«Оның іс-әрекеті жолдағы басқа адамдардың өміріне қауіп төндірді. Әрі ол осы әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзды», - деп хабарлайды полиция.

Осы әрекеттері үшін полиция жас жігітті әкімшілік қамауға алды.