Қаскелеңдегі моншада ер адам 13 жастағы ұлды ұрып тастаған

Автор: Темірхан Айжан

Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарап кеткен

Фото: скрин

Қаскелеңдегі көпшілікке арналған моншалардың бірінде 27 жастағы жігіт жасөспірімді ұрып-соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға монша ғимаратындағы тамақтану орнында болған. Ер адамның әрекеті камераға түсіп қалған. 13 жастағы баланың анасы бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан.

Полицияның мәліме еткендей, бұл жағдай 9 наурызда Қарасай ауданындағы моншада болған.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 109–1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық іс-шаралар өткізілуде. Оқиға ерекше бақылауға алынған», - деді Алматы облысының ПД өкілі.