Полиция оның үйінен 140-қа таяу шөлмек тәркілеген
Екібастұз қаласының полициясы үйінде қолдан арақ-шарап өндіріп, бөтелкесінің сыртына қымбат брендті ішімдіктердің белгілерін жапсырып отырған. Полиция оның үйін тінту кезінде 140-қа таяу бөтелке мен 300 литрге таяу сұйықтық тәркілеген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Павлодар облысы Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергеновтің айтуынша, тәркіленген сұйықтықтардың бәрі сараптамадан өтіп жатыр.
«Үй-жайды тексеру кезінде ішінде белгісіз сұйықтық бар 139 пластик бөтелке, сыраға ұқсас 288 литр сұйықтық, 10 шыны колба және алкоголь өнімдерін (виски, ликер, сыра) қолдан жасап шығаруға арналған аппарат, сондай-ақ спирт өндіруге арналған құрал-жабдықтар анықталып, тәркіленді. Өнімдерге белгілі брендтердің этикеткалары жапсырылған, алайда акциздік белгілері болмаған. Тәркіленген өнім сараптамаға кетті, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – дейді ол.