Ол жерге өрт сөндірушілер келді ме, жоқ па, белгісіз
Алматы-Өскемен тас жолының бойында Volvo маркалы жүк көлігі өртке оранған. Өртті Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары Нұржан Мырзабаев пен Ералы Айткен екі сағат бойы сөндірген екен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті хабарлап отыр.
Дереккөзге сүйенсек, полиция қызметкерлері алыстан қара бұлтты байқап, оқиға орнына жеткенде, жүк көлігінің тіркемесі түгел жанып кеткен екен. Олар бірден жолды жауып, өздері өрт сөндіруге кіріскен.
«Өртті толық сөндіру үшін тәртіп сақшылары екі сағат бойы жалынмен күрескен», - деп хабарлайды полиция.