Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Ақтөбеде тұрғын үй массивтерінің біріндегі қоқыс алаңынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттікке Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
«Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында екі күн ішінде адам сенгісіз қылмыстардың беті ашылғаны туралы жаздық.