Семейдегі көпірдің астынан аты-жөні белгісіз әйелдің мәйіті табылды

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға орнынаа бірнеше полиция көлігі келген  

Фото: t.me/obvkkz

Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің астынан аты-жөні белгісіз әйелдің мәйіті табылды. Полиция мәйітті көпірдің дәл астынан тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Obvk.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Полицияға осы хабар түскеннен кейін оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келген.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеушілер болған оқиғаның барлық мән-жайын және әйелдің жеке басын анықтап жатыр