Ең сорақысы, ол қызды азаптаған сәтін видеоға түсіріп, бірнеш рет желіге жүктеп отырған
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Атырауда 8 наурыз күні таңертең 21 жастағы жігіт 19 жастағы бойжеткенді бірнеше сағат бұрын ұрып-соғып, қинап, денесін пышақпен тілгілеген. Атырау облысының полиция департаменті Azattyq Rýhy редакциясына осы іс бойынша ресми мәлімет берді.
«21 жастағы азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің «Қинау» бабы бойынша қылмыстық іа қозғалды», - деп растады полиция.
Әзірге белгілі болып отырғаны күдіктінің үстінен 9 наурыз күні бірнеше іс қозғалған. Бірақ, ол Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша ғана айыпталған. Енді, полицияның мәліметіне сүйенсек, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамалған.