Атырауда экс-күйеуі отбасын түгел өлтірген Ақбаян Мұқанғалиева жындыханаға түсті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп, диагноз қояды

Фото: скриншот

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Атырауда төрт адамды өлтірді деген күдікті Индонезиядан Қазақстанға депортацияланған болатын. Елге келе сала күдіктінің бұрынғы әйелі, яғни, әке-шешесі мен аға-әпкесі экс-күйеуінің қолынан қаза тапқан Ақбаян Мұқанғалиеваны полиция жындыханаға жатқызған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Оның себебі, ішкі істер министрінің мәліметіне сенсек, дәрігерлер Ақбаянды тексеріп, оған диагноз қою керек.

«Оның психикалық жағдайын тексеру үшін полиция оны сот-психиатриалық сараптама өткізетін медициналық ұйымға жатқызды», - деп хабарлаған полиция.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ішкі істер министрлігі Атыраудағы осы қылмысқа қатысты ауқымды видеоматериал ұсынған болатын.