Ақтөбеде көлік жуушы біреудің машинасын мініп, апатқа түскен - оның ісі сотта қаралды

Автор: Темірхан Айжан

Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды

Фото: iStockphoto

Ақтөбеде көлік жуушы клиенттің көлігін өз шаруасына пайдаланамын деп апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Диапазон» мәлім еткендей, көлік иесі орталықтың қызметкеріне мүлкін жууға тапсырған, кілтін берген. Ал жұмысшы бөтен көлікті мініп, Қарғалы тұрғын алабына өз шаруаларын тындыруға кеткен. Кері қайтар жолда апатқа ұшырап, зақымдалған көлікті сол күйінде орталықтың маңына қойып кеткен.

Көлік иесі бұл жағдай туралы тек келесі күні полиция қызметкерлерінен естіген. Автомашинасын жөндеуге ол шамамен 500 мың теңге жұмсаған.

Көлік жуушыға қатысты «ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін толық мойындап, көлікті мас күйінде айдамағанын алға тартып, соттан жеңіл жаза сұраған. Жәбірленуші тек шығынды өтеуді талап етіп, жаза кесуді соттың құзырына қалдырды.

Сот айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.