Астанадағы ақтүтек боранда 3 көлік соқтығысып қалған (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Полиция мұқият болуға шақырды 

Фото: скрин

Астана қаласының айналма жолында 3 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бораған қар жолда көруді нашарлатқан.

Оқиға орнына полиция департаментінің қызметкерлері келген.

«Боран кезінде жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтаңыздар. Мұқият болыңыздар», - деп ескертті полиция.