Астана – Петропавл жолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол 32 жаста болған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Астана – Петропавл тас жолында қайғылы жағдай болды. Екі жүк көлігі соқтығысып, соның салдарынан 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 7 наурызда болған:

Астана – Петропавл тас жолының Астраханка және Чапаево ауылдарының аралығында MAN маркалы екі жүк көлігі соқтығысқан;

Салдары: Жүк көліктерінің бірін тізгіндеген 32 жастағы азамат алған жарақаттарынан мерт болды.

Тергеу басталды

Қазіргі уақытта полиция аталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мамандар апаттың себептерін анықтап жатыр.