$ 493.36  572.84  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда қыз бала автобустың есігіне қысылып қалып, ауыр жарақат алды

Көлік жүргізушісі тергеліп жатыр 

Көкшетауда қыз бала автобустың есігіне қысылып қалып, ауыр жарақат алды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Көкшетауда кішкентай қыз автобустың есігіне қысылып қалып, жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға қыздың анасы арызданған соң, 65 жастағы автобус жүргізуші ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім көліктен түсіп бара жатқанда, автобус есігі қысып қалған, салдарынан сүйегі сынған.

Аталған дерек бойынша полицейлер «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады.

«Ауа райының қолайсыздығын, әсіресе көктайғақ кезеңін ескеру маңызды. Мұндай жағдайда жолаушылар көліктен тез шығып үлгермеуі мүмкін, бұл ауыр жарақат алу қаупін еселейді», — делінген ресми хабарламада.

Тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.