$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі шашымнан жұлып, ішімнен тепті»: Қарағанды тұрғыны өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Ол сондай-ақ анасының зардап шеккенін де айтып отыр

«Боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі шашымнан жұлып, ішімнен тепті»: Қарағанды тұрғыны өткір мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қарағандыда тұратын Әсел Жабықбаева есімді бойжеткен БАҚ құралдарына сұхбат беріп, анасы екеуін боксшы Данияр Елеусіновтің әйелі соққыға жыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Елеусіновтің әйелі оларды өз үйлерінде ұрып кеткен.

«Үйде отырғанда, біреу есік қақты. Өзін көршіміздің шөбересімін деп таныстырды. Есікті аша сала бізге айқайлап, дауыс көтерді. Яғни, мен немесе анам оның 81 жастағы атасын ренжіткен екенбіз-мыс. Ол есік ашыла сала мені ішімнен екі рет теуіп, шашымнан жұлды. Сол кезде атасы анамның басынан жұдырықтады. Біз әрең дегенде оларды итеріп жіберіп, есікті жауып алды», - дейді зардап шеккен әйел.

Әсел сондай-ақ журналистерге үйінде түсіріп алған видеоны көрсетті. Видеода бір әйел Әселге қарап, жұдырығын көрсеткен. Әселдің айтуынша, дәрігерлер 60 жастағы анасының басы ісіп кеткенін, қолынан қан аққанын анықтаған.

«Полиция арызданып отырғанда, ол «мен Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әйелімін» деді. Сол кезде полиция қызметкерлерінің көзқарасы өзгеріп шыға келді. Ол Олимпиада чемпионының атын жамылып, өзін биіктетіп жүр», - дейді Әсел.

Қарағанды облысының полиция департаменті хабарлағандай, Данияр Елеусіновтің әйелі де бұл кісілердің үстінен арызданған көрінеді.

«31 арнаның» журналистеріне сұхбат берген Саида Елеусінованың өзі болса болған оқиғаны жоққа шығарған.

«Олар Даниярдың атағы мен фамилиясын пайдаланып, хайп қуып отыр. Мен олардың үйіне кірген жоқпын, «мен Даниярдың әйелімін» деген жоқпын. Мен тек 81 жастағы атама араша түстім», - дейді Саида.

Жалпы, қазір Қарағанды облысының полиция департаменті екі тараптың да арызын қабылдап, тергеу жүргізіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы қалада Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жұмыс орнында өз орынбасарымен төбелесіп қалған болатын.