$ 499.83  581.5  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы оның бұрынғы әйелі жазған 

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды
Фото: скриншот

Актер Нұрсұлтан Жақсыген заң алдында жауап беруі мүмкін. Оның үстінен екі бірдей қылмыстық бап бойынша іс тіркелгені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы актердің бұрынғы жары Фариза Алмазқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Бүгінгі таңда Жақсыген Н. үстінен 2 қылмыстық іс қозғалды. 2 баппен! ҚР ҚК 115-1-бап және ҚР ҚК 274-бап 2-бөлігі, 3-тармағы бойынша. Біз адвокат екеуміз @advokat.v.zakone бұл істер бойынша сотқа дейін барып, нүктесін қоямыз! Заң алдында тиісті жазасын алады», – деді Фариза Алмазқызы.

Еске салайық, бұған дейін актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі мен бұрынғы қайын жұртын қорлап жазған хаттары желіге жария болған еді. Содан кейін қазақстандық танымал тұлғалар жаппай Фариза Алмазқызына қолдау білдірген.