«Қырыққа жуық елді мекенде қатер бар»: Бозымбаев пен Уәли Абай облысының су тасқынына дайындығын тексерді

Автор: Бақыт Шынар

Олар бірнеше аймақты тікұшақпен тексерген

Фото: үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Абай облысына барып, облыс әкімі Берік Уәлимен бірге облыстың су тасқынына дайындығын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Сапар кезінде Төтенше жағдайлар мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдері су тасқыны қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізген.

Бозымбаев пен Уәли тікұшаққа мініп Семей қаласын, Жарма, Абай, Бородулиха және Аягөз аудандарын төбеден бақылады.

«Облыс аумағында 64 елді мекен қауіп аймақта орналасқан: оның үшеуінде су басу қаупі толық жойылған, 22-сінде тәуекел төмендеді, 39 елді мекенде қатер сақталып отыр», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.