03.03.2026, 16:06
Оқиғалар
Бір жылда 10 мың тоннадан астам гүл сатып алған: Қазақстан қай елден гүлді көп импорттайды
Елімізге басты гүл жеткізушісі ел - Эквадор
Фото: freepik
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға гүл жеткізетін негізгі елдердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан сырттан 77,6 млн АҚШ долларға 10 954 тонна гүл импорттаған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға аз.
Елімізге басты гүл жеткізушісі ел - Эквадор. Барлық гүлдің 41,9%-ы, яғни 4 586 тоннасы осы елден келеді.
Сонымен қатар, гүл нарығындағы ірі импорттаушылар қатарында мына елдер бар:
- Қытайдан – 2 678 тонна;
- Нидерландыдан – 1 702 тонна;
- Колумбиядан – 778 тонна;
- Кениядан – 739 тонна гүл сатып алынады.
Жалпы, өткен жылы Қазақстан әлемнің 45 елінен гүл алдырған. Оның ішінде раушан гүлдері ең көп сұранысқа ие болған.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр