Ұтысқа берген ақшаларын алып тастағанда өздеріне 93 млн теңге ақша қалған
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты әлеуметтік желі арқылы заңсыз құмар ойын өткізген екі адамды 4 жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметіне сүйенсек, олар 2023 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың маусымына дейінгі аралықта Шымкент қаласының аумағында «Тик Ток» және «YouTube» әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер арқылы «тринька» және «зарик» атауы бар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып 681 226 532 теңге (оның ішнде ұтқан адамдарға қайтарған ұтыс сомманы шегергенде өздеріне қалған 93 792 743 теңге) қылмыстық табысқа ие болғаны анықталған.
Ал, ақшаны дропперлердің картасына аударып отырған.
«Сот қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде, кінәларын ішінара мойындағанын, асырауында жасөспірім балаларының болуын ескеріп, әрқайсысын 4 жылға соттады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.