Қатысушылардың тек қызметтік лауазымы мен әдемі суретінен басқа мағлұмат берілмеген
Елорда Полиция департаменті әйел қызметкерлері арасында «сән конкурсын» өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ведомство жариялаған хабарламада, байқаудың өзі «Сән мен қызмет» деп аталады. Оған полицей қыздар формадағы және еркін киімдегі фотоларын жариялап, желіде дауыс жинауы керек.
«Елорда Полиция департаментінің қызметкер арулары арасында фотобайқауына дауыс беру басталды. Қатысушыларды қолдау үшін профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы өтіңіз
Байқауға қатысып, аруларға қолдау көрсетуге шақырамыз», - делінген хабарламада.
Дауыс беру 5 наурызға дейін жалғасады екен.