$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде тез байығысы келген 3 адам «инвестиция» салып, алаяққа ақшасын берген

Күдікті 3 жарым млн теңгеден астам ақшаны иемденген 

Семейде тез байығысы келген 3 адам «инвестиция» салып, алаяққа ақшасын берген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Семей қаласында 24 жастағы жігіт тұрғындарды «инвестиция салу» арқылы тез табыс табуға үгіттеп, ірі көлемдегі қаражатын иемденген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция анықтағандай, күдікті 2025 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында үш азаматты алдап, ақшасын көбейтіп беруге уәде берген. Атап айтқанда, 20 жастағы азамат пайдаға кенелемін деп сеніп, 715 мың теңгесінен айырылған, тағы бір 21 жастағы жәбірленуші күдіктіге 2 миллион 617 мың теңгесін берген. Сонымен бірге 63 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болды, ол 220 мың теңге шығынға ұшыраған.

Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол тұрғындардан алған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсап жібергендіктен, қаражат тәркіленбеген. Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Алаяқтық» бабымен іс қозғалып, күдіктіге қатысты «келу міндеттемесі» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарды күмәнді инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырады. Әсіресе, жылдам әрі оңай табысқа кепілдік беретін жарнамаларға сенбей, кез келген қаржылық операция жасамас бұрын оның заңдылығын мұқият тексеру қажеттігін ескертеді.