$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Хромтауда жас жігіт 14 жастағы оқушыны зорлаған

Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Хромтауда жас жігіт 14 жастағы оқушыны зорлаған
Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысы Хромтау қаласында 25 жастағы жас жігіт 14 жастағы оқушыға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен қолға түсті. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy редакциясына облыстың полиция департаменті растады.

Мәліметке сүйенсек, қазір қажетті тергеу және процестік іс-әрекеттер кешені аясынла дәліл мен айғақтар жиналып жатыр.

«Тергеу органдары істің барлық мән-жайларын мұқият анықтап, зерделеп жатыр. Толық, әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізделген процестік шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне сәйкес, сондай-ақ кәмелетке толмағанның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.