Құны 2 миллион доллардан асатын өнім тәркіленді
Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхана әшкереленді. Бір күдікті ұсталып, құны 2 миллион доллардан асатын өнім тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тінту кезінде күдіктінің үйінен дайын «скорость» есірткісі, 5 тоннаға жуық прекурсорлар, реактор, сүзу және кептіру жабдықтары, вакууматорлар мен химиялық реагенттер табылды.
Полиция мәліметінше, заңсыз айналымға 40 келі дайын есірткі жіберілмек болған. Өнім Telegram-канал арқылы саудаланып, Қарағанды облысының аумағында таратылуы тиіс болған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.