Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)

Автор: Бақыт Шынар

Ер адам ұзақ уақыт ауырып, емін таба алмаған

Фото: otyrarkz

Түркістанның қалалық орталық ауруханасы 61 жастағы ер адамның қуығынан 80 тас алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отырар» сайтының жазуынша, ер адам ұзақ уақыттан бері ауырған. Амбулаториядан ем алғанымен, жазыла алмаған.

«1965 жылы туған ер адам бірнеше ауруханада ем алғанымен, жазыла алмаған. Дәрігерлер кешенеді диагностика өткізе отырып, оның қуығынан көп тас байқаған. Дәрігерлер қуығын 1 см кесіп, одан 80 тас алып шыққан», - деп хабарлайды дереккөз.

Ота сәтті өткен. Операциядан үш күн өте науқас өз күшімен дәрет сындырған, ал, бес күннен кейін үйіне шыққан.