Ол 24 ақпан күні кешке үйінен шығып, қайтып оралмаған еді
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Атырауда «Жайық-Бином» білім беру мекемесінің 15 жастағы оқушысы Інжумаржан Қуанышқызы із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Жергілікті басылымдар оқушының табылғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ақ Жайық» басылымының айтуынша, полиция оқушы қыздың қайда екенін тауып, ата-анасына тапсырған.
Айта кетейік, 24 ақпан күні полицияға келген жергілікті тұрғын қызының бірнеше сағаттан бері байланысқа шықпай жатқанын айтып, арызданған еді.